воскресенье, 28 октября 2018 г.

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ


АЛИМБЕКОВА ГУЛСАРА СЕЙТХАНОВНА

Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 
«Шолаққорған» жалпы орта мектебінің директоры

1962 жылы 13 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Қарабұлақ елдімекенінде қарапайым отбасында дүниеге келген. 1969 жылы Қарабұлақ бастауыш мектебіне 1 сыныпқа барып, 1972-1977 жылдары Балдысу ауылындағы Жамбыл атындағы сегіз жылдық мектебінде 8–сыныпты, 1979 жылы Шолаққорған ауылында № 14 мектеп-интернатта 10-сыныпты бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 1979 жылы Калинин атындағы совхозда жұмысшылықтан  бастап, 1980-1982 жылдары ауданда мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі қызметтерін атқарған.
1982-1987 жылдары Алматы қаласы Қыздар педагогикалық институтында тарих, қоғамтану пәні мұғалімі мамандығын алып шықты. 1987 жылдан бастап аудан орталығы Шолаққорған ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде тарих пәні мұғалімі болып жұмыс істеді.1992 жылы осы аталған мектепте мектеп директорының ыстық тамақты ұйымдастыру жөніндегі орынбасары, 1994-2002 жылдар аралығында аудан орталығында А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектепте, 2002-2003 оқу жылында Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2003-2010 жылдар аралығында Балдысу ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектеп директоры, 2010 жылдың ақпан айынан аудандық білім бөлімінде сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді. 


2011 жылдың желтоқсан айынан бастап «Балауса» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында меңгеруші болып қызмет атқарды. 2013 жылдың қаңтар айынан бастап «Шолаққорған» жалпы орта мектеп директоры болып қызмет атқарады.  Аталған жұмыс орындарында қызмет атқара жүріп, төмендегідей жетістіктерге жетті:
-         1998 жылы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен,
-         1999 жылы «Отан» Республикалық саяси партиясының алғыс хатымен,
-         2003 жылы аудан әкімінің Алғыс хатымен,
-         2004 жылы Білім беру мекемелері, жоғары және арнайы орта оқу орындары қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық кеңесінің «Құрмет» Грамотасымен,
-         2005 жылы «Отан» Республикалық саяси партиясы Оңтүстік Қазақстан Облыстық филиалының грамотасымен,
-         2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің грамотасымен,
-         2006 жылы аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен,  
-         2012 жылы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы аудандық филиалының төрағасының алғыс хатымен»,
-         2014 жылы, 2015 жылы Созақ ауданы әкімінің алғыс хаттарымен,
-         2014 жылы республикалық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының алғыс хатымен,
-         2014 жылы облыс әкімінің орынбасарының алғыс хатымен,
-         2015 жылы Созақ ауданы әкімінің алғыс хатымен,
-         2015 жылы аудан әкімдігінің білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.
-         2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен,
-         2015 жылы «Жыл үздіктері-2015» байқауының жеңімпазы атанып, облыстық «Ең үздік директор» номинациясымен І дәрежелі дипломға ие болды.
-         2015 жылы аудан әкімінің ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
-         2016 жылы «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» облыстық төсбелгісімен,
-         2016 жылы «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалының алғыс хатымен,
-         ҚР Президентінің 2016 жылы 29 қарашадағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекелік медалімен,
-         2017 жылы Созақ ауданы әкімі М. Исаевтың алғыс хатымен,
-         2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының грамотасымен,
-         2017 жылы жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен,
-         2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық іскер әйелдер қауымдастығының алғыс хатымен марапатталды.
Сондай-ақ, аудандық әйелдер кеңесі төрайымының орынбасары. Аудандық «Бақ-Нұры» қоғамдық бірлестігінің «Білім және әйел» секциясының жетекшісі.
Алтыншы шақырылымдағы Созақ аудандық мәслихатының депутаты.
ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті жанындағы «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі облыстық Арнайы мониторингтік топ» мүшесі.


Комментариев нет:

Отправить комментарий