АЛИМБЕКОВА ГУЛСАРА СЕЙТХАНОВНА
Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Шолаққорған» жалпы орта мектебінің директоры
1962 жылы 13 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы,
Созақ ауданы, Қарабұлақ елдімекенінде қарапайым отбасында дүниеге келген. 1969 жылы Қарабұлақ бастауыш мектебіне 1 сыныпқа барып, 1972-1977
жылдары Балдысу ауылындағы Жамбыл атындағы сегіз жылдық мектебінде 8–сыныпты,
1979 жылы Шолаққорған ауылында № 14 мектеп-интернатта 10-сыныпты бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 1979 жылы
Калинин атындағы совхозда жұмысшылықтан бастап, 1980-1982 жылдары ауданда
мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі қызметтерін атқарған.
1982-1987 жылдары Алматы қаласы Қыздар
педагогикалық институтында тарих, қоғамтану пәні мұғалімі мамандығын алып
шықты. 1987 жылдан бастап аудан орталығы Шолаққорған ауылындағы Ы.Алтынсарин
атындағы орта мектебінде тарих пәні мұғалімі болып жұмыс істеді.1992 жылы осы
аталған мектепте мектеп директорының ыстық тамақты ұйымдастыру жөніндегі
орынбасары, 1994-2002 жылдар аралығында аудан орталығында А.Байтұрсынов
атындағы жалпы орта мектепте, 2002-2003 оқу жылында Ы.Алтынсарин атындағы орта
мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2003-2010
жылдар аралығында Балдысу ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектеп директоры,
2010 жылдың ақпан айынан аудандық білім бөлімінде сектор меңгерушісі болып
жұмыс істеді.